Кулеба Қаратеңіздің қауірсіздігіне тоқталды

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий  Кулеба «Украинаның жеңісі бәріміздің жеңісіміз болады» деді.

1974792
Кулеба Қаратеңіздің қауірсіздігіне тоқталды

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба өз елінің және Қаратеңіз бен Балтық теңізіндегі НАТО одақтастарының әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін біріктіруге шақырды.

Украина Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Кулеба Румынияның астанасы Бухарестте өткен «Халықаралық Қырым платформасының Қаратеңіз қауіпсіздігі жөніндегі бірінші конференциясына» бейнеконференция арқылы қатысты.

Қаратеңіздің бүкіл Еуропаның бейбіт өмір сүруінде маңызды рөл атқаратынын айтқан Кулеба «Украинаның жеңісі бәріміздің жеңісіміз болады» деді.

Оқиғалардың Балтық теңізі мен Қаратеңіздегі қауіпсіздіктің бөлінбейтін екенін көрсеткеніне назар аударған Кулеба Украина мен НАТО одақтастарының Қаратеңіз және Балтық теңіздеріндегі әуе мен зымыран қорғаныс жүйелерін біріктіруге шақырды.

Халықаралық құқыққа құрметпен қарайтын барлық бейбіт елдерді Қаратеңізді қайтадан сауда және саяхат мақсатында пайдалану үшін қарусыздандыруға шақырған Кулеба бұл мақсатқа жету жолында табандылық таныту керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар