Финляндия НАТО-дағы алғаш жаттығуын аяқтады

Фин Әскери-теңіз флоты тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1974981
Финляндия НАТО-дағы алғаш жаттығуын аяқтады

Финляндия неміс және португал кемелерінің символикалық түрде Хельсинки портында аялдауымен одақтың бір мүшесі ретінде алғаш НАТО жаттығуын аяқтағанын жариялады.

Фин Әскери-теңіз флоты жасаған ресми  мәлімдемеде Германияның «FGS Mecklenburg-Worpommern» және Португалияның «NRP Bartolomeu Dias» фрегаттарының 16 сәуір күніне дейін бас қала Хельсинкиде аялдайтынын хабарланды.

Кемелер Хельсинкиге жақындар алдында Фин шығанағында финдік үш кемемен бірге Фин жағалау флоты ұйымдастырған оқу-жаттығуға қатысты.

Осылайша Финляндия НАТО-ның одақтасы мүше ретіндегі алғаш жаттығуын аяқтады.

Түркия Финляндияның НАТО-ға мүшелігін бекіткен құжатты 1949 жылы Солтүстік Атлантикалық келісімін сақтаушысы АҚШ-қа тапсырғаннан кейін Финляндия 4 сәуір күні НАТО-ның 31-ші мүшесі ретінде одаққа ресми түрде қосылды.



Ұқсас жаңалықтар