«Қаратеңіз ешқашан НАТО теңізі болмайды»

Дмитрий Песков Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның  «Қаратеңіз Балтық теңізі сияқты НАТО теңізі болуы керек» деген мәлімдемесіне тоқталды.

1974516
«Қаратеңіз ешқашан НАТО теңізі болмайды»

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қаратеңіз ешқашан НАТО теңізі болмайтынын айтты.

Дмитрий Песков бас қала Мәскеуде Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның  «Қаратеңіз Балтық теңізі сияқты НАТО теңізі болуы керек» деген мәлімдемесі жайлы журналистерге сұхбат берді.

Қаратеңіздің ортақ теңіз екеніне назар аударған Песков:

«Қаратеңіз – барлық жағалаудағы мемлекеттер үшін ортақ теңіз. Ынтымақтастық, өзара іс-қимыл және қауіпсіздік теңізі болуы керек. Оның бөлінбейтін қауіпсіздігі болуы керек» деп көрсетті.

Кулебаның мәлімдемелерінде қарама-қайшылықтар бар екенін атап көрсеткен Песков:

«Қаратеңіз ешқашан НАТО теңізі болмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар