Бельгия сайлау жасын 16-ға төмендетуге дайындалуда

Фламанд аймағында биліктегі Христиан-демократтар мен Либералдар ұсынысты қолдады.

1974389
Бельгия сайлау жасын 16-ға төмендетуге дайындалуда

Бельгияның Фламанд аймағында жергілікті сайлауда дауыс беру жасын 16-ға дейін төмендету ұсынылды.

Фламанд аймағындағы "Vooruit" социалистік партиясы аймақтық кеңеске ұсынған ұсынысты алдағы апталарда талқылау жоспарланған.

Ұсыныста 16 жастан асқан жастардың ересектер ретінде дауыс беруге міндетті еместігі де қарастырылған.

Ұсыныс бойынша шешім жазға дейін қабылданады, осылайша 2024 жылдың қазан айында өтетін жергілікті сайлауға осы шешімге  сай дайындалады.

Социалистер ұсынған ұсынысқа оңшыл "N-VA" партиясы қарсы шықты. Фламанд аймағында биліктегі Христиан-демократтар мен Либералдар ұсынысты қолдады.

Бельгиядағы Еуропа Парламенті сайлауына дауыс беру жасы өткен жылы 16-ға дейін төмендетілді.

2024 жылы Еуропарламент сайлауына 16 жастағы жасөспірімдер де дауыс бере алады.



Ұқсас жаңалықтар