АҚШ Сириядағы ДАИШ жетекшілерінің бірін тұтқынға алды

АҚШ Орталық күштері қолбасшылығы мәлімдеме жасады.

1974189
АҚШ Сириядағы ДАИШ жетекшілерінің бірін тұтқынға алды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сирияның шығысында террор ұйымы ДАИШ қолбасшыларының бірі Хузейфе әл-Йемени мен оның екі орынбасарының ұсталғанын жариялады.

АҚШ Орталық күштері (CENTCOM) қолбасшылығы жасаған жазбаша мәлімдемеде ДАИШ-тың шабуылдарды жоспарлаушыларының бірі екені алға тартылған Хузайфа әл-Йеменидің АҚШ әскерлерінің тікұшақпен жүргізген операциясында қолға түскені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Сирияның шығысындағы операцияда кез-келген бейбіт тұрғын шығыны тіркелмегені және Йемениді ұстаудың ұйымның операция жүргізу қабілетіне айтарлықтай соққы екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар