FBI орыстарды ақпар бөлісуге шақырды

Жеке тұлғалар АҚШ-қа барлау мәліметтерін ұсынса,оларға  болашақтарын өзгерту мүмкіндігі беріледі.

1972353
FBI орыстарды ақпар бөлісуге шақырды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Федералдық тергеу бюросы (FBI) орыстарды ақпар бөлісуге шақырды.

«Fox News» телеарнасының хабарында Украинада бітпейтін соғыс жүріп жатқанда FBI-дің Ресейге қатысты барлау жұмыстарын жеделдету үшін әлеуметтік медиаға жүгінгені баса айтылды. Сәйкесінше «Facebook» және «Twitter» әлеуметтік желілерінде жарияланған видеода Вашингтон мен Ресей елшілігінің суреттері бар. Жеке тұлғалар АҚШ-қа барлау мәліметтерін ұсынса,оларға  болашақтарын өзгерту мүмкіндігі беріледі.

FBI қарсы барлау бөлімшесінің қызметкері Алан Колер видеода " FBI сізді құрметтейді. FBI сізге көмектесе алады, бірақ бірінші қадамды жасау тек сіздің қолыңызда" деді.



Ұқсас жаңалықтар