АҚШ полициясы қара нәсілді күдіктіні атып өлтірген

Вашингтонда полиция ұрлық күдіктісі 17 жастағы қара нәсілді Даланео Мартинді атып өлтіргені білдірілді.

1971150
АҚШ полициясы қара нәсілді күдіктіні атып өлтірген

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) полицияның зорлық-зомбылығына жаңасы қосылды.

Ел астанасы Вашингтонда полиция ұрланған көлік туралы хабарламаға орай аттанысқа келді.

Вашингтон полициясы көлікке жақындай бергенде ішінде біреудің ұйықтап жатқанын байқады.

Полициялардың бірі көлікке артқы есіктен кірсе, екіншісі қолдауға келіп, күдіктіні ұстауға талпынған.

Алайда күдікті 17 жастағы қара нәсілді Даланео Мартин көлікті оталдырып, қашып кетпек болған.

Тоқтау туралы ескертуге бағынбаған Мартинді полиция бірнеше рет атып, өлтірген.

Басқарудан шығып кеткен көлік жол жиегіндегі үйге соғылып, тоқтаған.

Оқиғаға қатысы бар екі полиция қызметкері ақылы әкімшілік демалысқа жіберілген, оқиғаға байланысты тергеу жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар