Жапония НАТО-да өкілдік ашады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг пен Жапония Сыртқы істер министрі Хаяши Йосимаса Бельгияның астанасы Брюссельде кездесті.

1970174
Жапония НАТО-да өкілдік ашады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Жапонияның НАТО-да дипломатиялық өкілдігін ашу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Столтенберг пен Жапония Сыртқы істер министрі Хаяши Йосимаса Бельгияның астанасы Брюссельде өткен НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысының бірінші күнгі отырысынан кейін ортақ баспасөз мәлімдемесін жасады.

Жапонияның Ресейдің Украинада бастаған соғысын айыптағанын және НАТО-ның Украинаға көмек пакетіне берген қаржылай қолдауына риза болғанын айтқан Столтенберг:

«Қазір біз Үнді-Тынық мұхиты, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия және Австралиядағы серіктестерімізбен ынтымақтастығымызды жеделдетіп жатырмыз» деді.

Столтенберг сонымен қатар Жапонияның НАТО-да арнайы дипломатиялық өкілдік ашу шешімін жоғары бағалады.

Жапон министрі Хаяши мәртебелерді күшпен өзгертумен қатар, ядролық қаруды қолдану және ол туралы пікірталастың да қабыл алынбайтынын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар