Байден Макрон және Чарльзбен сөйлесті

АҚШ президенті Король Чарльзді таққа отыруымен алдын ала құттықтады.

1970175
Байден Макрон және Чарльзбен сөйлесті

АҚШ президенті Джо Байден Қытайға баратын Франция президенті Эммануэль Макронмен сөйлесті.

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеде Байденнің Макронмен телефон арқылы сөйлескені хабарланды.

Мәлімдемеде "Лидерлер президент Макронның Қытай Халық Республикасына алдағы сапарын талқылады. Сондай-ақ олар Ресейдің үздіксіз агрессиясына қарсы Украинаны табанды түрде қолдайтындарын қайталады" деп айтылды.

Ақ Үй Байденнің Ұлыбритания королі Чарльз III-мен де сөйлескенін хабарлады.

Әңгіме барысында Байден екі ел халықтары арасындағы берік қарым-қатынасқа тоқталып, Король Чарльзды алдағы таққа отыру салтанатымен құттықтады.

Жұбайы Джилл Байденнің АҚШ атынан салтанатты шараға қатысуды асыға күтетінін айтқан Байден Англияда корольмен кейінірек кездесетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар