Ресей БҰҰ ҚК басқарады

Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензя баспасөз мәслихатын өткізді.

1969527
Ресей БҰҰ ҚК басқарады

Әліпбе бойынша 15 мүше мемлекет арасында ауысатын Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалығын Ресей Мозамбиктен қабылдап алды.

Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензя елінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығының күн тәртібіне қатысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Ресейдің төрағалық мерзімін өз пайдасына пайдаланып, Украинаға қарсы үгіт-насихат жүргізетіні туралы уәждерге тоқталған Небензя Ресейдің бұрынғы кезеңдердегідей төрағалығын «кәсіби» түрде атқаратынын атап көрсетті. "Ресей төрағалық артықшылықтарды асыра пайдаланбайды. Біздің ұлттық ұстанымымыз басқа, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету басқа мәселе” деді ол.

Небензя "Қазіргі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен әлемдік тәртіп жалғасып жатқанда, процедура ережелері өзгермейді. Төрағалық міндетін қай елдің алатыны анық айтылды" деген сөздер қолданды.

Небензя Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың 24-25 сәуірде Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласында болатынын және БҰҰ-ның екі отырысына төрағалық ететінін білдірді. Лавровтың қарсы жақтан талап болған жағдайда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен де кездесуі мүмкін екеніне назар аударған Небензя «өтініш АҚШ тарапынан болуы керек» деді.

Ресей бұл міндетті соңғы рет 2022 жылдың ақпан айында атқарған болатын. Дәл осы кезде Ресейдің Украинаға шабуылы басталған еді.



Ұқсас жаңалықтар