Италияда ресми құжатта ағылшынша шектеледі

«Италия бауырластары» партиясы мемлекеттік әкімшілікте итальян тілінің орнына шетелдік сөздерді қолдануды жазалайтын заң жобасын ұсынды.

1968636
Италияда ресми құжатта ағылшынша шектеледі

Италиядағы оңшыл коалициялық үкіметтің негізгі серіктесі әсіре оңшыл «Италия бауырластары» партиясы мемлекеттік әкімшілікте итальян тілінің орнына шетелдік сөздерді қолдануды жазалайтын заң жобасын ұсынды.

Ұлттық баспасөзде жарияланған хабарға қарағанда премьер-министр Джорджия Мелонидің «Италия бауырластары» партиясынан депутат Фабио Рампелли Парламенттің төменгі палатасы Өкілдер Мәжілісіне мемлекеттік басқаруда итальян тілінің қолданылуына кепілдік беру, «сақтану және жойылудан қорғау» заң жобасын ұсынды. 

Заң жобасы барлық шет тілдерді қамтығанымен, әсіресе итальян тілінің құнын түсіретін ағылшын сөздерін қолдануға бағытталғаны білдірілді.

Парламентте талқыланатын заң жобасы мемлекеттік секторда жұмыс істейтіндердің жазбаша және ауызша итальян тілін жақсы меңгеруін талап етеді, елде жұмыс істейтін жеке компаниялардың лауазымдық атаулары мен қысқартулары қатарлы ресми хат алмасуда ағылшын тілін пайдалануға тыйым салуды көздейді. 

Заң жобасы заңға айналса, осы ережелерді бұзғандарға бес мың еуродан жүз мың  еуроға дейін айыппұл салынады.



Ұқсас жаңалықтар