Финляндия ертең НАТО-ның 31-ші мүшесі болып жарияланады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Финляндияның мүшелігі тақырыбында мәлімдеме жасады.

1969146
Финляндия ертең НАТО-ның 31-ші мүшесі болып жарияланады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Финляндияның ертең (04/04/2023) 31-ші мүше ретінде жарияланатынын және туының НАТО штаб-пәтерінде ілінетінін мәлімдеді.

Столтенберг 4-5 сәуір күндері Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде өтетін НАТО Сыртқы істер министрлері саммиті алдында баспасөз мәслихатын өткізді.

Саммиттің алғаш күні Финляндияның 31-ші мүше ел болып жарияланатынын және туының НАТО штаб-пәтеріне ілінетінін айтқан Столтенберг мұның аталған елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, НАТО-ның күшін арттыратынын атап көрсетті.

Столтенберг Швецияның мүшелік үдерісін мүмкіндігінше тезірек аяқтауын қалағандарын қайталады.

2022 жылдың маусым айында өткен Мадрид саммитінен кейін НАТО елдерінің көпшілігі екі елдің мүшелігін бекіту процесін бастаған еді.

НАТО-ға мүше 20 ел шілде айында 4 тамыз бен 4 қыркүйек күндері ратификациялау процесін өз парламенттерінде аяқтады.

Соңғы рет 27 наурыз күні Венгрия парламенті Финляндияның мүшелігін бекітті. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде болса 30 наурыз күні бекіткенін жариялады.

Осылайша Финляндияның НАТО-ға мүшелік процесі бір жылдан қысқа мерзімде аяқталып, Одақтың 74 жылдық тарихында ең жылдам ілгерілеген мүшелік үдерісі болып тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар