Көлік шуы гипертония қаупін арттырады

Ұлыбритания Лестер университеті зерттеуі шулы жол қозғалысы мен гипертония қаупінің жоғарылауы арасындағы байланысты анықтады.

1966900
Көлік шуы гипертония қаупін арттырады

Көлік тудыратын шуылдар жолға жақын тұратын адамдардың қан қысымын жоғарылататыны анықталды.

Ұлыбританиядағы Лестер университетінің зерттеушілері шулы жол қозғалысы мен гипертония қаупінің жоғарылауы арасындағы байланысты анықтап шықты.

Алдыңғы зерттеулер шудың немесе ауаның ластануының қан қысымына қалай әсер ететіні түсініксіз екенін көрсеткен еді.

Алайда ғалымдар жаңа зерттеу болашақ экологиялық саясатқа әсер етуі мүмкін «ойын өзгертуші» болатынын білдіруде.

Ғалымдар гипертониямен ауырмаған 40 пен 69 жас арасындағы 240 мыңнан астам адамның деректеріне анализ жүргізді.

Жол қозғалысының шуына жақын жерде тұратын адамдардың гипертониялық ауруға жиі шалдығатыны анықталды, бірақ сонымен бірге бұл қауіп «шудың жоғарылығымен»  бірге артқаны байқалды. 

Лестер Қоршаған ортаны қорғау және тұрақтылық орталығының қызметкері Сэмюэл Ю Кай 8 жылдық бақылау кезеңіне негізделген зерттеу Ұлыбританиядағы ұзақ мерзімді қозғалыс шуының гипертонияға әсерін тікелей бақылайтын алғашқы зерттеу екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар