Пәкістанда полиция бөлімшесіне қарулы шабуыл

Шабуылда  4 полиция қызметкері қаза тапты.

1967390
Пәкістанда полиция бөлімшесіне қарулы шабуыл

Пәкістанның Хайбер Патинва уәлаятында қарулы кісілер полиция бөлімшесіне және осында келген полиция қызметкерлеріне шабуылдады. Шабуылда  4 полиция қызметкері қаза тапты. Алты полиция жарақат алды.

Ел баспасөзінің берген мәліметіне қарағанда, қарулы кісілер Лакки Марват аймағында полиция бөлімшесіне шабуылдады.

Шабуыл хабарын алып аймаққа жеткен полиция көлігіне де бомбалы шабуыл жасалды.  Жарылыста 4 полиция қаза тауып, алтауы жараланды.

Премьер-министр Шахбаз Шериф полицияның терроризмге қарсы пидақорлығының ұмытылмайтынын білдірді.

Шабуылды әлі ешкім өз мойнына алмады.

Пәкістанда әсіресе Хайбер Патунва және Белуджистан уәлаяттарында соңғы айларда шабуылдар артты.

Исламабад осы шабуылдарды Ауғанстандағы «Пәкістан Талибаны» деп аталатын топ ұйымдастырып, басқарды деп есептейді. Ауғанстан болса бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Пәкістанның Пешавер қаласында 30 қаңтарда түскі намаз кезінде мешітке жанкешті шабуыл жасалып, көбі полиция, барлығы 102 адам қаза тапқан еді. Белуджистанда 6 наурыз күні жанкешті шабуылда 10 полиция қызметкері қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар