Украинада соңғы жағдай

Ресейдің Украинаға жасаған шабуылында тағы 3 адам қаза тапты.

1963558
Украинада соңғы жағдай

Ресейдің Украина астанасы Киев облысына қарасты Ржищив қаласына жасаған шабуылында 3 бейбіт тұрғын қаза тауып, 2 азамат жараланды.

Украина Төтенше жағдайлар басқармасының Telegram аккаунтынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Ресей күштерінің Киев аймағына қарасты Ржищив қаласына шабуыл жасағаны айтылды.

Таңертеңгі уақытта жасалған шабуылда 3 адамның қаза тауып, 2 адамның жараланғаны туралы ақпаратқа орын берілген  мәлімдемеде үйінді астында 4 бейбіт тұрғынның қалғаны атап өтілді.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің бүгін түнде Украинаға Ираннан шыққан 20-дан астам ұшқышсыз әуе аппараттары және зымырандарымен шабуыл жасағанын хабарлады.

Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасындағы  мәлімдемесінде «Бұл Украинаға қарсы бір түнде жасалған лаңкестік әрекет. Мәскеуде біреу "бейбітшілік" деген сөзді естігісі келсе,  сол жерде қылмыстық шабуылдың бастауына бұйрық беріледі. Украина күштерінің құрлықтағы, әуедегі және теңіздегі табыстары бейбітшілікті жақындатуда» деген сөздер қолданылды.

Ресейге қарсы санкциялардың атқырылуы керектігін және мұның Біріккен Ұлттар Ұйымы  Жарғысын күшейтетінін түсіндірген Зеленский «Жаһандық бірлік жаһандық тұрақтылықты қалпына келтіре алады» деді.

Украина әскері Бахмуттағы Ресей шабуылдарына қарсы тойтарыс беруде.



Ұқсас жаңалықтар