Грузияда заң жобасы кері қайтарылды

Жоба бүгін Грузия парламентінде дауысқа салынды.

1957871
Грузияда заң жобасы кері қайтарылды

Грузияда таласқа жол ашқан «шетелдік тыңшы» заң жобасы Грузия парламентінде дауысқа салынып, алынып тасталды.

Грузияда оппозиция «баспасөз еркіндігін шектейді және үкіметтік емес ұйымдарды қыспаққа алады» деген себептермен заң жобасына наразылық білдірген еді.

Жоба бүгін Грузия парламентінде дауысқа салынды.  Ресми түрде кері қайтарылды.

Заң жобасы іске қосылған жағдайда, қаржысының 20 пайызынан артығын шетелден алған осы елдегі баспасөз және үкіметтік емес ұйымдар «шетелдің өкілі» ретінде аталатын еді.  Оппозиция жобаны баспасөз еркіндігін шектеутін орыс заңына ұқсатқан болатын.

Сонымен бірге заң елді Еуропа Одағы мүшелігінен де алыстататы деп айтылды.

ЕО заң жобасының кері қайтарылғанына ризашылығын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар