Әскерлердің Сириядан кетуін талап еткен заң жобасы қабылданбады

Өкілдер мәжілісі президент Байденнің АҚШ-тың барлық әскерлерін Сириядан әкетуіне шақыру тастаған заң жобасын дауысқа салды.

1957086
Әскерлердің Сириядан кетуін талап еткен заң жобасы қабылданбады

Америка Құрама Штаттарының Өкілдер мәжілісінде АҚШ әскерлерінің Сириядан кетуін талап еткен заң жобасы қабылданбады.

АҚШ Конгресінің төменгі қанаты Өкілдер мәжілісі Республикашыл депутат Мэт Гетс ұсынған, президент Джо Байденнің АҚШ-тың барлық әскерлерін Сириядан әкетуіне шақыру тастаған заң жобасын дауысқа салды. Жобаға 103 «қабыл»,  321 «қарсы» дауыс беріліп, қабылданбады.

 Гетс Сириядағы террор ұйымы PKK/YPG-нің НАТО одақтасы Түркиямен қақтығыста болуының аймақта жағдайды күрделендіре түскенін білдірді.  Депутат Түркияның Сирияда ДАИШ террор ұйымымен күрес жүргізгеніне де назар аударды.

Жобаға қолдау берген Республикашыл депутат Марйоре Тэйлор Гриин де АҚШ Қорғаныс министрлігінің Сирияда емес,  елге есірткі әкелген мексикалық қылмыстық топтармен күресуі керектігін айтты. Ол көптеген АҚШ әскерінің шетелде көз жұмғанына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар