Еуроодақ Грекия темір жолын жаңалайды

Еуропа Одағы комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен Грекияның премьер-министрі Кирякос Мицотакиспен сөйлесті.

1955524
Еуроодақ Грекия темір жолын жаңалайды

Еуропалық Одақ өткен аптада 57 адам қаза тапқан пойыз апатынан кейін Грекияның темір жол жүйесін жаңартуға қолдау көрсетеді.

Еуропа Одағы комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен бүгін таңертең Грекияның премьер-министрі Кирякос Мицотакиспен осы мәселе бойынша сөйлескенін хабарлады.

Әлеуметтік желіде мәлімдеме жасаған фон дер Ляйен Мицотакис екеуі темір жолдарды жаңғырту және қауіпсіздікті арттыру үшін ЕО Грекияға бере алатын техникалық қолдауды талқылағанын айтты.

Фон дер Ляйен Еуропалық Одақ комиссиясы мен ЕО Темір жол агенттігінің сарапшылары осы аптада Афиныға баратынын және темір жол қауіпсіздігі бірінші кезектегі міндет екенін айтты.

Өткен аптада Грекияның солтүстігіндегі Лариса қаласының маңында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан  57 адам қаза тапқан болатын.

Апаттан кейін Грекияның 2500 шақырымдық темір жол желісі Еуроодақ елдерінде ең көп жаңғыртуды қажет ететін жүйе екені білдірілген және темір жолдарды жаңалау үшін жылдар бойы мемлекеттік инвестиция салынбағаны жайлы сын айтылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар