Францияда ертең жалпы ел көлемінде шеру болады

Франциядағы ең ірі кәсіподақтар ертең жалпы ел көлемінде ереуілге шығады.

1955508
Францияда ертең жалпы ел көлемінде шеру болады

Францияда зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеруді көздейтін даулы реформаға қарсы ертең елде жаппай ереуілдер мен наразылық шерулеріне байланысты «қара күн» күтіп тұр.

Елдегі ең ірі кәсіподақтар ертең жалпы ел көлемінде ереуілге шығады.

Ереуілге барлық дерлік салалар, әсіресе көлік, энергетика, денсаулық сақтау және білім беру саласы қосылады.

Пойыз қатынасында үлкен іркіліс болады деп күтілуде, ал кейбір аудандарға тасымалдау күндіз толығымен тоқтайды.

Елдің әуе тасымалдаушысы «AirFrance» де төтенше жағдайлар ескерілмесе, 10 рейстің 2-і тоқтатылатынын хабарлады.

Ел бойынша шамамен 1,5 миллион адам көшеге шығады деп болжанғанымен, кәсіподақтар бұл санның одан да көп болатынын мәлімдеді.

Франция премьер-министрі Элизабет Борне 10 қаңтарда президент Эммануэль Макронның сайлау алдындағы уәделерінің бірі болған  реформасы жүзеге асырылатынын мәлімдеген еді.

19 қаңтардан бері елде даулы реформаға қарсы бірнеше ереуіл мен наразылық өтті.



Ұқсас жаңалықтар