Макрон Африка елдерінде сапарда

Франция президенті Эммануэль Макрон елінің «Африкаға араласу жобасы Франсафриканың» аяқталғанын айтты.

1954366
Макрон Африка елдерінде сапарда

Франция президенті Эммануэль Макрон елінің «Африкаға араласу жобасы Франсафриканың (Franceafrique)» аяқталғанын хабарлады.

Африка турының алғашқы аялдамасы Габондағы «Орман саммиті» аталған саммитке қатысу үшін ел астанасы Либревильге барған Макрон осында мәлімдеме жасады.

Францияның Африкаға араласқысы келмейтінін айтқан Макрон «Франсафрика дәуірі аяқталды» деді. 

Франсафрика жобасының арқасында елінің Габонды қамтыған Африка елдерімен ортақ тарихы бар екенін айтқан Макрон Франция әлі күнге дейін Африка елдеріне араласумен айыпталғанын білдірді. 

Макрон елін «Африкадағы барлық адамдармен сөйлесетін және құрлық елдерінің ішкі істеріне араласуда рөл атқармайтын бейтарап ортақ» деп сипаттады.

Габонға климат, биоәртүрлілік, экономика және өнеркәсіп салаларында теңдестірілген серіктестік құру үшін барғанын айтқан Макрон елге «адам іздеу» үшін бармағанына назар аударды.

Эммануэль Макрон Габон, Ангола, Конго Республикасы және Конго Демократиялық Республикасына сапары алдында елінің жаңа Африка саясатын жариялады.

Африка елдерімен жаңа парақ ашқысы келетіндерін айтқан Макрон африкалықтарға тиесілі мәдени құндылықтарды қайтару үшін жұмыс бастағандарын хабарлады.

Макрон Францияның құрлықтағы әскери базаларының санын азайтатынын мәлімдеді.

Бастабында Франция-Африка терминін француз зиялылары Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін елінің Африкаға қатысты жаңа саясатына сілтеме жасау үшін қолданған.

Франция-Африка Францияның Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерімен экономикалық, дипломатиялық және әскери қарым-қатынастарында неоколониализмге негізделген саясат ретінде түсіндіріледі.



Ұқсас жаңалықтар