Италияда қайықтың суға батуы салдарынан 67 адам қаза тапты

Италияның Кротоне қаласында суға батқан заңсыз мигранттар қайығында қаза тапқандар саны 67-ге жетті.

1953666
Италияда қайықтың суға батуы салдарынан 67 адам қаза тапты

Италияның Кротоне қаласының маңында 26 ақпанда суға батқан заңсыз мигранттар қайығында қаза тапқандар саны 67-ге жетті.

Италиялық «ANSA» агенттігінің хабарына қарағанда, іздеу-құтқару топтары Стеккато ди Кутро қаласының маңындағы теңізден бір қыздың жансыз денесін тапты. Осылайша оқиғада қаза тапқандар саны 67-ге жетті.

Оқиға болған аймақта жоғалған мигранттарды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Шекараны қорғау агенттігі «Frontex» Италияға қажетті хабарлама жасалғанын жарияласа, Италия жағалау күзеті қолбасшылығы оларға ешқандай қауіпті жағдайдың хабарланбағанын мәлімдеді.

Жағалау күзеті де белгіленген ережелер сақталғанын алға тартты.

Ішкі істер министрі Маттео Пиантедоси де Frontex-тің сөз болып отырған қайық туралы алғашқы хабарламасында ешқандай қауіпті жағдай туралы хабарламағанын және кейін метеорологиялық жағдайдың нашарлағанын айтты.

Еуроодаққа хат жазған премьер-министр Джорджия Мелони  заңсыз мигранттарға қатысты еуропалық саясаттың белгіленуі керектігін айтты. Мелони заңсыз көші-қон мәселесінің ұйымдасқан қылмыс топтары мен адам контрабандасының қолында қалмауы керектігін білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар