Алжирдің Украинадағы елшілігі қайтадан ашылады

Алжир президенті Украинадағы елшілігінің қайта ашылатынын хабарлады.

1951797
Алжирдің Украинадағы елшілігі қайтадан ашылады

Алжир президенті Абдельмеджид Теббун соғыс салдарынан жабылған елінің Украинадағы елшілігінің қайта ашылатынын хабарлады.

Алжир мемлекеттік телеарнасы президент Теббунның жергілікті баспасөз және БАҚ өкілдерімен кездесуін көрсетті.

Теббун «Біз сыртқы істер министрлігімен келісе отырып, осы аптада Киевтегі елшілігімізді қайта ашамыз» деген сөздер қолданды.

Алжирдің елшілігі наурыз айының басында Украинадағы қауіпсіздік жағдайына байланысты жұмысын тоқтатып, қызметкерлерін эвакуациялайтынын хабарлаған еді.

Бұл елшілікті жабу шешімі Ресей 2022 жылдың 24 ақпанында Украинаға қарсы әскери шабуыл бастағаннан кейін қабылданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар