Конакович Түркия сапарын түсіндірді

Босния және Герцеговина Сыртқы істер министрі Эльмедин Конакович зілзала аймағында болған қиын жағдайларды өз көзімен  көргенін  айтты.

1949215
Конакович Түркия сапарын түсіндірді

Босния және Герцеговина Сыртқы істер министрі Эльмедин Конакович Түркия сапарынан  ерекше сезімдермен оралғанын айтты.

Конакович Түркия және Германия сапарынан кейін елорда Сараевода баспасөз мәслихатын өткізіп, сапар  туралы мәлімдеме жасады.

«Ғасырдың апаты» деп сипатталған және  6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкіністерінен кейін өткен аптада Түркияға барғанын түсіндірген Конакович жер сілкініс аймағында іздеу-құтқару жұмыстарына қатысқан  Босния және Герцеговина топтарына алғыс айтты.

Конакович зілзала аймағында болған қиын жағдайларды өз көзімен  көргенін айтты.

Конакович «Мен адам баласының қайдай қасірет шеккенін ерекше сезініп елге оралдым.  Осы жерге барған іздеу-құтқару топтары тоқтаусыз  істеді» деді.

Босния және Герцеговинаның іздеу-құтқару жұмыстарында ең белсенді елдердің қатарында екеніне назар аударған Конакович «Саны жағынан бірінші орында болдық. Іздеу-құтқару топтарымызбен мақтанамыз» деген сөздер қолданды.

Конакович Босния және Герцеговинадан 234 адамнан тұратын 13 топтың жер сілкіністерінің алғашқы күнінен бастап іздеу-құтқару жұмыстарына қатысып, 26 адамды қирандылар астынан аман алып шыққанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар