АҚШ-тың Украинаға қолдауы жалғасады

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға жаңа 500 миллион долларлық әскери көмек пакетін жариялады.

1949043
АҚШ-тың Украинаға қолдауы жалғасады

Америка Құрама Штаттары Джо Байденнің Украина астанасы Киевке барар алдында Ресейге сапар туралы хабарлама жасағаны білдірілді.

АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік ақылшысы Джейк Салливан онлайн кездесуде журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Салливан «Біз ресейліктерге президент Байденнің Киевке баруы мүмкін екенін хабардар еттік. Біз мұны презитдент Байден аттанардан бірнеше сағат бұрын жасадық» деді.

Джейк Салливан бұл ақпаратқа Ресейдің жауабы туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

АҚШ президенті Джо Байден Польшаға сапарының алдында кеше Украинаның астанасы Киевке тосын сапармен барды.

Джо Байден Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуінен кейін өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Украинаға жаңа 500 миллион долларлық әскери көмек пакетін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар