Донорлар конференциясын ұйымдастырады

ЕО Бельгияда донорлар конференциясын өткізеді.

1948797
Донорлар конференциясын ұйымдастырады

Еуропалық Одақтың (ЕО) кезекті  төрағасы Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Биллстрем 16 наурызда Бельгияның астанасы Брюссельде жер сілкінісі үшін халықаралық қауымдастықтан қайырымдылық жинау үшін донорлар конференциясы өтетінін хабарлады.

Биллстрем Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлерінің басын қосқан Сыртқы байланыстар кеңесі отырысы басталмастан бұрын 6 ақпанда Кахраманмарашта болған жер сілкінісіне тоқталды.

Швециялық министрі Еуроодақ төрағалығы кезінде елінің «жойқын жер сілкінісімен күресу үшін қолдан келгеннің бәрін жасағысы келетінін» және бұрын наурыз айының басында өткізілетіні жарияланған донорлар конференциясының 16 наурызда ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

Тобиас Биллстрем конференцияның Еуроодақ комиссиясымен бірге ұйымдастырылатынын және жер сілкінісінің ауыр зардаптарын мүмкіндігінше азайтуды мақсат ететінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар