Түркиядағы жер сілкіністері барша әлемге де ықпалын тигізуде

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс жер сілкінісінің бейне көріністерінің «өте әсерлі» екенін айтты.

1946306
Түркиядағы жер сілкіністері барша әлемге де ықпалын тигізуде
boston kopru kirmizi-beyaz.jpg

Америка Құрама Штаттары «ғасырдың апаты» деп сипатталған эпицентрі Кахраманмараш болған жер сілкіністерінің Түркия мен Сирияны ғана емес, барша әлемге де ықпалын тигізгенін білдірді.

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс күнделікті баспасөз мәслихатында жер сілкінісінің бейне көріністерінің «өте әсерлі» екенін айтты.

Прайс «Қирандылар мен адам шығындары болған бұл жер сілкінісі Түркия мен Сирияны ғана емес, барша әлемге де  қатты ықпал тизігуде» деді.

Америка Құрама Штаттарының Түркия мен Сириядағы іздеу-құтқару және көмек көрсету жұмыстарын қолдау үшін қосымша құрал-жабдықтар мен ресурстарды жұмылдырғанын түсіндірген Прайс «Біз қиын жағдайда күндіз-түні бір тынбай жұмыс істеп жатқан гуманитарлық топтары мен құтқару қызметкерлерінің керемет адамгершіліктерін жоғары бағалаймыз» деген сөздер қолданды.

Баспасөз хатшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға көмек жеткізу үшін бар күшімен жұмыс істеуге, соның ішінде Түркиядан трансшекаралық көмекке рұқсат беруге моральдық жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

Осы барыста АҚШ-тың Массачусетс штатының астанасы Бостондағы кейбір символдық көпірлер қызыл және ақ түспен жарықтандырылды.

Түркияның Бостондағы бас консулдығы жариялаған хабарламада «Бостондағы көрнекті көпірлер жер сілкінісі салдарынан туымыздың түстерімен жарықтандырылды. Осы ынтымақтастық үшін рахмет» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар