НАТО министрлері бас қосуда

Жиналысқа Украина Қорғаныс министрі де қатысады.

1946356
НАТО министрлері бас қосуда

НАТО елдерінің Қорғаныс министрлері Украинаның Ресеймен соғысындағы қару-жарақ пен оқ-дәрі сияқты шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыруды талқылау үшін бас қосты.

Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде бас қосқан НАТО Қорғаныс министрлері Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) төрағалығында Украина қорғаныс байланыс тобының отырысына қатысты.

Министрлер кешке және ертең НАТО қорғаныс министрлері жиналысында қайтадан бас қосады. Кездесуге Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников та қатысады.

Ресейдің көктем айлары жақындаған сайын жаңа ауқымды шабуылын бастау мүмкіндігіне қарсы Украина армиясына әсіресе оқ-дәрі көмегін арттыру басты назарда.

Сонымен қатар Украина талап еткен соғыс ұшақтары екі күн бойы талқыланатын тақырыптардың бірі болмақ.

Жиналыста Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардың орнына елші Левент Гүмрүкчү қатысуда.

Басқа жақтан НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг кездесулер алдындағы мәлімдемесінде Ресей президенті Владимир Путиннің жаңа шабуылдарға дайындалғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар