«Turkey» орнына «Тürkiye» сөзін қолданады

АҚШ Түркияның талабын орындады.

1928811
«Turkey» орнына «Тürkiye» сөзін қолданады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Түркия елшілігінің талабы бойынша ресми хат алмасуда «Turkey» орнына «Тürkiye» сөзін қолданатындарын жариялады.

Кеше АҚШ Сыртқы істер министрлігі Түркия мен АҚШ-тың ДАИШ-тың қаржы көздеріне бағытталған ортақ қадамдарына байланысты жазбаша мәлімдемесінде де «Тürkiye» терминін қолданды.

Күнделікті баспасөз мәслихатында бұл өзгерістің қашан жасалғаны туралы сұраққа жауап берген Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нед Прайс министрліктің «Тürkiye»  атауына қатысты ісін қарауды кеше таңертең аяқтап, оны іске асырғанын айтты.

Прайс «Түркия елшілігінің хат алмасуда ел атауының осылайша қолданылуын сұрағанын растаймын. Бұл өзгерісті әдеттегідей АҚШ-тың географиялық атаулар кеңесі мақұлдады» деді.

Анкараның өтінішінен кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы 2022 жылдың 1 маусымында ел атауын «Тurkey» сөзінің орнына «Тürkiye» деп қолдануға рұқсат берген еді.

Бұған дейін экспорттық өнімдерде «Made in Turkey» деген сөздің орнына «Made in Türkiye» деген тіркес қолданылып, әлемге таныстырылды.

Өткен жылдың қаңтар айында Коммуникация басқармасы да «Hello Türkiye» акциясымен Түркияның атын халықаралық деңгейде насихаттауды бастады.



Ұқсас жаңалықтар