Миннесота сенатына ең жас және алғашқы мұсылман әйел мүше сайланды

Сомалилік иммигрант Мұхамед - Демократиялық партияның мүшесі.

1928968
Миннесота сенатына ең жас және алғашқы мұсылман әйел мүше сайланды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Миннесота штатының Сенатында ең жас және алғашқы мұсылман әйел мүше өз қызметін бастады.

Қызметке кірісу барысында Құран ұстап ант берген 1997 жылғы Зейнеп Мұхаммед штат сенатына алғаш рет бір мезгілде сайланған Африка текті 3 өкілдің бірі ретінде тіркелді.

Мұхаммедтің жеке сайтында оның тұрмысы төмен отбасынан шыққаны және анасының ақша табу үшін күніне 16 сағат фабрикада жұмыс істейтіні жазылған.

Сомалилік иммигрант Мұхамед Демократиялық партияның мүшесі және Сенатта «жағдайы төмен азаматтардың» дауысы болуды мақсат етеді.

Бұған дейін басқа бір сомалилік иммигрант Ильхан Омар Миннесотадағы Өкілдер палатасының мүшесі болған еді.



Ұқсас жаңалықтар