Блинкен Қытайдың жаңа Сыртқы істер министрімен сөйлесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайдың жаңа Сыртқы істер министрі Чин Гангпен телефон арқылы сөйлесті.

1926560
Блинкен Қытайдың жаңа Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Америка Құрама Штаттарының  Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен әлеуметтік желідегі парақшасынан жасаған мәлімдемесінде Қытайдың жаңа Сыртқы істер министрі Чин Гангпен  кеше телефон арқылы сөйлескендерін, АҚШ-Қытай қарым-қатынастары мен екі ел арасындағы байланыс арналарының сақталуын талқылағандарын білдірді.

Қытайдың АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі болған Чин Ганг өткен жұмада Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Чин Ганг соңғы 10 жыл бойы Сыртқы істер министрі болған 69 жастағы Ван Инің орнын алды.



Ұқсас жаңалықтар