Адам мәйітін тыңайтқышқа айналдыруға рұқсат берді

Бұл әдісті қолдануға рұқсат берген АҚШ-тан басқа бір ел – Швеция.

1926573
Адам мәйітін тыңайтқышқа айналдыруға рұқсат берді

АҚШ-тың Нью-Йорк штаты адам мәйіттерін тыңайтқышқа айналдыруға рұқсат берді.

Вашингтон 2019 жылы бұған рұқсат берген АҚШ-тың алғашқы штаты болды.

Бұл процесс ағаш жоңқалары, беде және шөп салынған ыдыста бір айға жуық ұстау арқылы жүзеге асырылады.

Мәйіттерді тыңайтқышқа айналдыратын нәрсе - микробтардың әрекеті.

Мәйіттер тыңайтқышқа айналғаннан кейін жұқпау үшін жылытылады және алынған топырақ қайтыс болғандардың туыстарына беріледі.

Американдық «Recompose» компаниясы бұл қызмет жерлеуге немесе кремацияға қарағанда көміртекті шамамен 1 тоннаға аз бөлетінін білдірді.

Тыңайтқышты қолдаушылар көптеген қалада зират тапшылығы барын және бұл әдістің де бұл мәселенің шешімі болатынын алға тартады.

Екінші жағынан бұл  этикалық проблема тудырады деп ойлайтындар да бар.

Нью-Йорктегі католиктік епископтардың бұған қарсы екені, адам мәйіттерін «тұрмыстық қалдықтар» деп қараудың дұрыс еместігі хабарланды.

Бұл процестің 7 мың долларлық құнын көп деп есептейтіндер бар.

Екінші жағынан «Recompose» «2021 жылы жерлеудің орташа құны 7 848 және кремация ақысы 6 971 доллар екенін ескерсек, бұл жоғары қызмет емес» дейді.

Бұл әдісті қолдануға рұқсат берген АҚШ-тан басқа бір ел – Швеция.



Ұқсас жаңалықтар