Рекорд деңгейде қорғаныс бюджеті

АҚШ-та 858 миллиард долларлық рекорд қорғаныс бюджеті талқыланып жатыр.

1919686
Рекорд деңгейде қорғаныс бюджеті

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) 858 миллиард долларлық рекорд қорғаныс бюджеті талқыланып жатыр.

Шамамен бір апта бұрын Өкілдер палатасында дауысқа салынған жоба 80 депутаттың «қарсы”, 350 депутаттың «қабыл» дауысымен қабылданды.

Қорғаныс бюджеті туралы жобаны АҚШ Сенаты 11 «қарсы», 83 «қабыл» дауыспен мақұлдады.

Түркияның табанды ұстанымы мен дипломатиялық қозғалысының нәтижесінде бюджет жобасының соңғы нұсқасында Түркияға F-16 жойғыш ұшақтарының сатылуын шарттармен шектейтін  тармақтар алынып тасталды.

Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG де пайда көретін қор жобасында 165 миллион 309 мың доллар мақұлданды.

Қорғаныс бюджеті туралы  жоба алдағы күндері АҚШ президенті Джо Байден қол қойғаннан кейін заңға айналады.



Ұқсас жаңалықтар