Өртте 10 адам қаза тапты

Олардың бесеуі - бала.

1919640
Өртте 10 адам қаза тапты

Францияның Рона аймағындағы Лион қаласының маңындағы бір пәтерде шыққан өртте 5-і бала, 10 адамның қаза тапқаны хабарланды.

Рона губернаторлығынан жасалған мәлімдемеде жергілікті уақыт бойынша сағат 03:12-де 7 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны білдірілді.

Алғашқы анықтаулар бойынша өртте 10 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапты, 14 адам зардап шекті, оның 2-і - өрт сөндіруші.

Мәлімдемеде өрт сөндірушілер сөндірген өрттің шығу себебі әлі анықталмағаны айтылған.


Этикеттер: #бала , #өрт , #Франция

Ұқсас жаңалықтар