Ресей күштері Киевтегі электр стансасына шабуылдады

Украина президентінің кеңсесінен Кирило Тимошенко мәлімдеме жасады.

1894239
Ресей күштері Киевтегі электр стансасына шабуылдады

Украина ресейлік күштердің бас қала Киевтегі электр стансасына шабуылдағанын жариялады.

Украина президенттік кеңсесі лауазымдысы Кирило Тимошенко Ресейдің электр стансасына 3 рет шабуыл жасағанын растады.

Лауазымдылар мен куәгерлер бірнеше жарылыс болып, қаладан түтін көтерілгенін білдірді.

Киев мэрі шабуылдың «маңызды инфрақұрылымды» нысанаға алғанын және төтенше жағдай қызметкерлерінің аймаққа жіберілгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар