Ирак президенті қызметін бастады

Рашид үшін Бағдадтағы Президенттік Эс-Салам сарайында ресми рәсім өтті.

1893749
Ирак президенті қызметін бастады

Иракта өткен аптада депутаттар тарапынан президент болып сайланған Абдуллатиф Рашид ресми түрде қызметіне кірісті.

Рашид үшін ел астанасы Бағдадтағы Президенттік Эс-Салам сарайында ресми рәсім өтті.

Салтанатты шараға мәжіліс төрағасы Мұхаммед Халбуси мен оның орынбасарлары, мәжілістегі саяси топтардың басшылары, әскери қолбасшылар және бұрынғы президент Фуад Масум қатысты.

Салтанатты шараға жаңа президенттің жары Шаназ Ибрахим мен қызы, ұлы, келіні мен немересі де қатысты.

Ирактың  бұрынғы президенті Берхем Салих ұлықтау рәсіміне қатысқан жоқ.

13 қазанда өткен сессияда Ирак президенті  болып күрд саясаткері Абдуллатиф Рашид сайланды. Сайлаудан кейін Рашид үкіметті құру үшін шиіттердің кандидаты Мұхаммед Шиа әл-Суданиді тағайындады.

Судани өз кабинетін құрып, оны парламенттің бекітуіне бір ай ішінде ұсынуы керек.



Ұқсас жаңалықтар