Ирак Парламенті 13 қазанда жаңа президент сайлайды
Жаңа президент үкіметті құру міндетін шииттердің премьер-министр үміткері Мұхаммед Шиа әл-Суданиге береді.
Ирак Парламенті 13 қазанда жаңа президентті сайлау үшін жиналады.
Ирак Парламентінің төрағасы Мохаммед Халбуси мәлімдемесінде:
"Бейсенбі күні парламент отырысында президент сайлауы өтеді" деді.
Ирак саясатының күн тәртібінде президенттік сайлаудан кейін жаңа үкімет құру үдерісі бар.
Жаңа президент үкіметті құру міндетін шииттердің премьер-министр үміткері Мұхаммед Шиа әл-Суданиге береді. Премьер-министр үміткерінің бір айдан кешіктірмей өз кабинетін жасақтап, Парламентке жіберуі керек. Парламентке ұсынылған кабинет мүшелерін депутаттар бір-бірден дауысқа салады.
Садр Қозғалысы Иракта 2021 жылдың қазан айында өткен жалпы сайлауда бірінші болды. Алайда ираншыл партиялармен үкімет құруды қаламаған Садр Қозғалысының жетекшісі Муктада ес-Садр өткен айларда саясаттан кететінін жариялап, оның тобындағы орынбасарлары да отставкаға кеткен болатын.
Осы оқиғадан кейін Садрдың Иранды қолдайтын шиит бәсекелестері бұрынғы Еңбек министрі Суданиді премьер-министрлікке ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.