Ресей Черногориядағы консулдығын жапты

Ресей "2022 жылдың 30 қыркүйегінен бастап консулдық қызметтерімізді тоқтатамыз. Жұмыстарыңыз үшін көрші елдердің елшіліктеріне жүгіне аласыз" деп хабарланды.

1886754
Ресей Черногориядағы консулдығын жапты

Ресейдің Черногориядағы елшілігінде 6 дипломаттың "Ұнатылмайтын адам" деп жариялануына орай Черногориядағы консулдық қызметтерін тоқтатқанын хабарлады.

Елшіліктің мәлімдемесінде Черногория Сыртқы істер министрлігі 6 ресейлік дипломатты "Ұнатылмайтын адам" деп жариялағаннан кейін консулдық қызметтердің белгісіз мерзімге тоқтатылғаны білдірілді.

Мұндай шешімнің Черногория үкіметінің «дұшпандық» көзқарасы жағдайында қабылданғанына назар аударған мәлімдемеде:

"2022 жылдың 30 қыркүйегінен бастап біз консулдық қызметтерімізді тоқтатамыз. Консулдыққа байланысты жұмыстарыңыз үшін көрші елдердің елшіліктеріне жүгіне аласыз" деп хабарланды.

Бірнеше сағат бұрын Черногория Сыртқы істер министрлігі екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты бұзғаны үшін 6 ресейлік дипломатты "Ұнатылмайтын адам" деп жариялағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар