Францияда полиция мен демонстранттар қақтығысты

Франциялықтар Парижде энергия бағасының көтерілуіне наразылық көрсетіп шеруге шықты.

1886741
Францияда полиция мен демонстранттар қақтығысты

Францияның бас қаласы Парижде бағаның көтерілуіне наразылық және зейнетақы реформасы мен жалақының көтерілуі талабымен ұйымдастырылған акцияда полиция мен шерушілер арасында қақтығыс болды.

Елдегі ең ірі кәсіподақтардың бірі «Жалпы бизнес конфедерациясының» (CGT) шақыруымен елдің көптеген қалаларында көшеге шыққан мыңдаған адам энергия бағасының өсуі және инфляцияның жойқын әсеріне қарсы жалақыларын көтеруді талап етті.

Бас қала Парижде демонстранттарға полиция операция жасады. Кейбір жерлерде қақтығыс шықты.

Франция президенті Эммануэль Макронның сәуір айында қайтадан президент болып сайланғанынан бері ел көлеміндегі алғашқы ірі ереуіл себепті білім беру және қатынас қызметі тоқтап қалды.



Ұқсас жаңалықтар