Жаңа бірлескен мәлімдеме

НАТО Бас хатшысы мен ЕО комиссиясы төрағайымы кездесті.

1885109
Жаңа бірлескен мәлімдеме

НАТО мен Еуропалық Одақ (ЕО) қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аударатын жаңа бірлескен мәлімдеме жасауға дайындалуда.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг пен ЕО комиссиясы төрағайымы Урсула фон дер Ляйен Бельгияның астанасы Брюссельдегі ЕО комиссиясы ғимаратында кездесті.

Кездесуден кейін әлеуметтік желіде жасалған ортақ мәлімдемеге қарағанда тараптар Ресейдің 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Украинаға шабуылын және Украинаға қолдауды арттыруды талқылады.

Мәлімдемеде "НАТО-ЕО ынтымақтастығы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа үлесін тигізеді. Сондықтан серіктестігімізді алға жылжытатын жаңа бірлескен мәлімдемені жариялау уақыты келді деп санаймыз" деп айтылды.

НАТО мен ЕО 2016 жылы және 2018 жылы ынтымақтастықтың маңызын айқындайтын ортақ мәлімдеме жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар