Зеленский Ердоғанға риза

Зеленский «Азов» батальонының командирлерімен бейнеконференция арқылы сөйлесті.

1883066
Зеленский Ердоғанға риза

Украина президенті Зеленский Түркияның дәнекерлігімен Ресеймен тұтқын алмасудан кейін елге экстрадицияланған 215 украиналық үшін президент Ердоғанға алғыс айтты.

Зеленский тұтқын алмасу процесі нәтижесінде елге қайтарылған «Азов» батальонының командирлерімен бейнеконференция арқылы сөйлесті.

«Ресей тұтқынынан босатылған» қолбасшыларды құттықтаған Зеленский тұтқын алмасу арқылы босаған украиналықтар арасында өлім жазасына кесілгендер де бар екенін білдірді.  Ол  президент Ердоғанға осы мәселеде араша болғаны үшін алғыс айтты.

Құтқарылған батальонның 5 мүшесінің қауіпсіздік мақсатында Түркияда болатынын атап көрсеткен Украина лидері: «Мен президент Ердоғанмен сөйлестім. «Азовтың» 5 қолбасшысы Түркияда Ердоғанның ерекше бақылауында қауіпсіз жағдайда болады. Президент Ердоғанға тағы да риза болдым» деді.

Владимир Зеленский 55 әскердің Ресейге қайтарылғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар