Дүние жүзінде 771 миллион адам сауатсыз

Соңғы 50 жылда әлемде әсіресе жастар арасында сауаттылық деңгейі артқан.

1877080
Дүние жүзінде 771 миллион адам сауатсыз

Дүние жүзінде 771 миллион адам, оның үштен екісі әйелдер әлі де сауатсыз.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) мәліметтеріне сәйкес, соңғы 50 жылда әлемде әсіресе жастар арасында сауаттылық деңгейі артқан.

Алайда мұндай прогреске қарамастан 2020 жылы әлемде 771 миллион ересек адам, оның үштен екісі әйелдер сауатсыз екені білдірілді.

Деректер сонымен қатар дүниежүзіндегі қақтығыс пен соғыстардың балалардың мектепте оқуына кері әсер еткенін көрсетеді.

Осыған сәйкес Ауғанстан, Йемен және Украинадағы соғыстар салдарынан миллиондаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариатының мәліметінше, биыл Ауғанстанда 700 мың адам, соңғы жылдары шамамен 5,5 миллион адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Украинада соғыстан зардап шеккен 7,1 миллион адам үйлерін тастап, 2 мыңнан астам мектеп зақымданып, 200-ден астам мектеп қираған.

Коронавирустың жаңа түріне (Ковид-19) байланысты жағымсыз әсерлер де тіркелді.  Мысалы білім алу мүмкіндігі үзілген 24 миллион адам оқу процесіне қайта орала алмайды деген болжам бар. Бұлардың11 миллионы қыздар болатыны айтылды.

Африка мен Оңтүстік Азия аймағында сауаттылық деңгейі төмен.

Сауатсыздық деңгейі ең жоғары жер – 34 пайызбен Сахараның оңтүстігіндегі Африка.

Африка құрлығындағы елдерде 6 мен 11 жас аралығындағы әрбір 5 баланың кем дегенде біреуі мектепке бармайды. 12 мен 14 жас аралығындағылар үшін бұл көрсеткіш әрбір үш баланың біреуін құрайды.

Дүние жүзінде сауатты әйелдер саны ерлерге қарағанда аз. Соңғы мәліметтерге қарағанда, сауатсыз халықтың 59 пайызын жас әйелдер құрайды.

Сауаттылық деңгейіндегі гендерлік алшақтық Солтүстік Африкада, Батыс және Оңтүстік Азияда және Сахараның оңтүстігіндегі Африкада көбірек. Ал Орталық және Шығыс Азияда, Еуропада, Солтүстік Америкада, Латын Америкасында және Кариб бассейнінде сауаттылықтағы гендерлік алшақтық аз.

 



Ұқсас жаңалықтар