Нигериядағы қарулы шабуылда 5 адам қаза тапты

Боко Харам мүшелері Борно штатының Нгулде ауданында таң намазына жиналғандарға оқ жаудырған.

1875773
Нигериядағы қарулы шабуылда 5 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік-шығысында террор ұйымы Боко Харамның мешітке жасаған қарулы шабуылында 5 адам қаза тапты.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Боко Харам мүшелері Борно штатының Нгулде ауданында таң намазына жиналғандарға оқ жаудырған.

Боко Харам ұйымы Нигерияда 2000 жылдардың басынан бері лаңкестік жасап келген еді.  Ұйымдастырған ауқымды зорлық-зомбылық әрекеттерінде 20 мыңнан астам адам қаза тапты.

Ұйым 2015 жылдан бері елдің шекаралас көршілері Камерун, Чад және Нигерде де шабуылдар жасап келеді.

Ұйымның Чад көлі бассейніндегі шабуылдарында кемінде 2000 адам қаза тапты.

 

 



Ұқсас жаңалықтар