Бельгиялықтар арзан жанармай сатып алу үшін Францияға барады

Бельгия баспасөзі Франциядан жанармай сатып алу арқылы бельгиялықтардың ақшасын үнемдегенін білдірді.

1875298
Бельгиялықтар арзан жанармай сатып алу үшін Францияға барады

Бельгиялықтар көліктеріне арзанырақ жанармай сатып алу үшін Францияға барады.

Бельгия баспасөзінде шыққан хабарға қарағанда, жоғары бензин мен дизель бағасы азаматтардың бұл өнімдерді басқа елдерден сатып алуына себеп болды.

Француз үкіметінің жанар-жағармайға жеңілдікті арттырумен бұл ел мен көршілес Бельгия арасындағы бензин мен дизель бағасы 30 центке ашылды. Франциядағы кейбір жанармай құю станциялары қосымша жеңілдік науқандарын қолдануы арқылы бұл айырмашылықты 50 центке дейін жеткізді.

Бұл себепті шекараға жақын аймақтарда тұратын бельгиялықтар көліктеріне Франциядан жанармай сатып алу арқылы ақшасын үнемдейді.

Көлігіне шамамен 40 литр жанармай сатып алатын бельгиялық азамат бұл өнімге өз еліндегіден 12-20 еуроға аз төлейді.



Ұқсас жаңалықтар