"Тұтқын алмастыруға дайынбыз"

Иран Америка Құрама Штаттарымен тұтқын алмасуға дайын екенін мәлімдеді.

1869196
"Тұтқын алмастыруға дайынбыз"

Иран Америка Құрама Штаттарымен (АҚШ) тұтқын алмасуға дайын екенін мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Кенани АҚШ-пен тұтқын алмасу мәселесіне қатысты баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Кенани «Иран әртүрлі арналар арқылы АҚШ тарапына ядролық келісімге қарамастан тұтқындар мәселесімен айналысуға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді» деді.

Ирандық тұтқындардың АҚШ-тың жалған ақпараттарымен тұтқындалғанын айтқан Кенани «АҚШ әділет жүйесінің құрбаны болған ирандық тұтқындар мүмкіндігінше тезірек босатылып, отбасыларына оралуы керек» деді.


Этикеттер: #тұтқын , #АҚШ , #Иран

Ұқсас жаңалықтар