Байден қатерлі ісікпен ауыра ма?

Ақ Үй баспасөз хатшысының орынбасары түсінірді.

1857526
Байден қатерлі ісікпен ауыра ма?

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) әкімшілігі «қатерлі ісікпен ауырдым» деген президент Джо Байденнің бұл мәлімдемелерінде қызметке кіріспес бұрын қатерлі тері ісігімен ауырғанын айтқанын мәлімдеді.

Массачусетс штатында Джо Байден өзі қатысқан бір шарада сөйлеген сөзінде қазбалы отындарға тоқталып: “Мен және көптеген адам солардың кесірінен қатерлі ісікке шалдықты, менің туған жерім Делавэр елдегі қатерлі ісік ауруының ең жоғары көрсеткішіне ие” деген еді. Оның осы сөздері түсінбеушілік тудырды.

Әлеуметтік желіде көптеген адам «Байден қатерлі ісікке шалдыққан ба?» деп сұрады. Бұл мәселені Ақ Үй баспасөз хатшысының орынбасары Эндрю Бейтс Twitter-дегі парақшасында түсіндірді.

Байденнің президент міндетінен бұрын болған қатерлі тері  ісігіне назар аударғанын айтқан Бейтс бұл ақпараттың президенттің қараша айында жарияланған денсаулық анықтамасында да орын алғанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар