Макрон премьер-министрдің отставкасын қабылдамады

Ел баспасөзінде жарияланған хабарларда Макронның Борнның «отставкасын» кері қайтарғаны айтылды.

1846243
Макрон премьер-министрдің отставкасын қабылдамады

Франция президенті Эммануэль Макрон премьер-министр Элизабет Борнның жалпыхалықтық сайлау аяқталғаннан кейін берген отставкасын қабылдамады.

Ел баспасөзінде жарияланған хабарларда Макронның Борнның «отставкасын» кері қайтарғаны айтылды.

Екінші туры 19 маусым күні болған сайлауда Макрон басқарған «Ensemble» одағы мәжілісте көпшілік орынға ие бола алмағандықтан оппозиция Борнның отставкаға кетуін талап еткен болатын.

Францияда әрбір жалпыхалықтық сайлаудан кейін міндеттегі премьер-министр дәстүрлі түрде президентке отставкасын береді.

Осы арада Макрон сайлау нәтижелері тақырыбында түрлі саяси партия басшыларымен кездесу өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар