Макрон соғыстың Еуропа құрлығына тарағанын білдірді

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа Одағының Ресейге қарсы жасаған санкция пакетіне тоқталды.

1844184
Макрон соғыстың Еуропа құрлығына тарағанын білдірді

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа Одағының  Ресей-Украина соғысынан кейін Ресейге  қарсы бекіткен 6 санкция пакетінің "соғыспай-ақ соғысты доғару" мақсатында болғанын айтты. 

Молдавия сапары барысында мәлімдеме жасаған Эммануэль Макрон  соғыстың Еуропа құрлығына тарағанын баяндап,  бұл жағдайдың Молдавия және Еуропа үшін қауіп екенін түсіндірді. 

Макрон "Бірнеше жүз километр қашықтықтағы Украинада болған оқиғалар барлығымызға қауіп төнуде. Қазірдің өзінде тұрмыс тіршілігіміз және экономикамызға болымсыз ықпалын тигізуде" деп көрсетті. 

Эммануэль Макрон "Мәскеуге қарсы осы таңға дейін Еуропа Одағы 6 санкция пакетін бекітті. Бұл санкция пакеттердің мақсаты  соғыспай-ақ соғысты доғару" деген сөздер қолданды.

Ресейдің көршісі Украинаның территория тұтастығына және егеміндігіне шабуыл жасауды таңдағанын атап өткен Макрон "Енді Украинаға жалғасты қолдау көрсетуіміз керек. Ресейдың шапқыншылығын доғаруы үшін барлық күшімізді жұмсағанымыз жөн" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар