Ресей 49 британдық туралы санкция шешімі қабылдады

Ресей Сыртқы істер министрлігі жаңа санкция шешімдері туралы мәлімдеді.

1843420
Ресей 49 британдық туралы санкция шешімі қабылдады

Ресей журналистер, қорғаныс өнеркәсібі басшылары және әскери қызметкерлерден тұратын 49 британдықты санкция тізіміне енгізді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ұлыбритания үкіметінің Ресейдің белгілі журналистері мен қорғаныс өнеркәсібі өкілдеріне қарсы санкция жасағаны еске салынды.

Осыған байланысты Ұлыбританияның ірі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін журналистер, қорғаныс өнеркәсібі басшылары, қорғаныс лоббиінің мүшелері және Қарулы күштердің өкілдерінен тұратын 49 кісі туралы санкция шешімі қабылданғаны атап көрсетілген мәлімдемеде, тізімге енгізілген тұлғаларға Ресей Федерациясының аумағына кіруге тыйым салынғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде бұл адамдардың аты-жөні де көрсетілген.



Ұқсас жаңалықтар