Ресей армиясы 32 мың 500 әскерінен айырылды

Соғыста орыс армиясының шығыны күн өткен сайын артуда.

1843018
Ресей армиясы 32 мың 500 әскерінен айырылды

Украина Бас Штаб басқармасы 24 ақпаннан осы таңға дейін жалағсқан соғыста жойылған орыс әскер санының 32 мың 500-ге жеткенін білдірді. 

Бас штаб басқармасы жасаған жазбаша мәлімдемеде Ресей армиясының 24 ақпан мен 14 маусым күндері аралығындағы шығыны туралы мәліметке орын берілді.

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 32 мың 500 әскерінен айрылғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде "233 ұшақ, 179 тікұшақ, 1434 танк, 3 мың 503 сауытты көлігі, 721 зеңбірек, 229 зымыран соғар және 97 әуе қорғаныс жүйесі жойылды" деп көрсетілді.

Ресей Қарулы күштері 2 мың 473 көлік, 58 арнайы көлік,13 кеме мен жеңіл жүрдек қайық және 588 ұшқышсыз әуе көлігінен айырылды.

 



Ұқсас жаңалықтар