Украина Еуроодаққа мүшелікке қолдау сұрады

Руслан Стефанчук Еуропа Одағының Ресейге бағыттаған санкцияларының соғысты тоқтатуға жетпегенін, тіпті көп жәрдем берілмесе, соғыста жеңілудің зардабы ауыр болатынын айтты.

1839847
Украина Еуроодаққа мүшелікке қолдау сұрады

Украина Парламентінің төрағасы Руслан Стефанчук Еуропа Паррламенті депутаттарын Украинаға Еуропа Одағына мүшелікке үміткер ел мәртебесін беруді қолдауға шақырды.

Руслан Стефанчук Францияның Страсбург қаласында өткен Еуропа Паррламенті Бас Ассамблеясында сөз сөйледі.

Украинаға соғыстың басынан бері берген қолдауына орай Еуропа Одағына алғыс айтқан Руслан Стефанчук Еуропа Одағының Ресейге бағыттаған санкцияларының соғысты тоқтатуға жетпегенін, тіпті көп жәрдем берілмесе, соғыста жеңілудің зардабы ауыр болатынын білдірді.

Руслан Стефанчук Еуропа Одағы елдерінің парламенттерін аралап, Украинаның Еуропа Одағына мүшелігі үшін қолдау сұрайтынын білдіріп, бұл тек қана үміткерлік мәртебесі болғанымен  Украина үшін маңызды бір қадам және саяси үндеу болатынын тілге тиек етті.

Украина Парламентінің төрағасы Руслан Стефанчук шешім Еуропа Паррламентіне келген кезде депутаттардың Украинаға Еуропа Одағына мүшелікке үміткер ел мәртебесін мақұлдауын сұрады.



Ұқсас жаңалықтар